Ертіс ауданында ақынның 100 жылдығына орай айтыс өтті

Ертіс ауданында ақынның 100 жылдығына орай айтыс өтті
Фото: айтыскерлер одағы

Бұл айтысқа жергілікті 10 айтыскер қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ертіс ауданында Ертіс ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет Қайраткері, ақын, жазушы, өлкетанушы, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген Мәдениет Қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисті Мүбарак Жаманбалиновтың  100 жылдығы қарсаңында «Әйгілі аудан - Ертісім» атты облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды. 

Аталмыш айтысқа жергілікті айтыскерлер – Ерлан Аманқожа, Тілек Сейітов, Мәрес Байрон, Қуандық Башой, Нұрбек Бәкір, Алтай Қыдырбек, Мизан Жұмәлі, Оразбек Саяхат, Алпысбай Хонж бас, Бексұлтан Қайдар өзара бақ сынады. 

Айтыс қорытындысы бойынша, үшінші орын мен 150 мың теңгелік сертификатты баянауылдық Тілек Сейітов алса, екінші орын мен 200 мың теңге Май ауданының айтыскері Ерлан Аманқожаға табысталды. Ал бірінші орын және 300 мың теңге павлодарлық Нұрбек Бәкірге бұйырды. Ақындардың ішінде оза шауып, бас жүлде мен 400 мың теңгелік сертификатты иеленген Ертіс ауданының айтыскері Алпысбай Хонж. 

Сонымен қатар, іс- шара соңында  аталмыш мерейтой қарсаңына ұйымдастырылған ақындар мүшайрасы қорытындыланды. Бұл додада жас ақын Еркебұлан Тіленіш үшінші орынға, Рауан Қайдар екінші орынға, Бақберген Дариға бірінші орынға ие болды. 

Еске сала кетейік, мерейтой қарсаңында ақынның мемориалдық тақтасы Ертіс балалар өнер мектебінің ғимаратына орнатылып, ақын атаның өнер мектебіне есімі беріледі. Содай-ақ, ақынның «Өсиет» кітабының тұсауы кесілді.