Павлодар мектептері америкалық интернеттен бас тартады

Павлодар мектептері америкалық интернеттен бас тартады
Фото: pixabay.com

Қазіргі кезде жасөспірімдер қажетсіз контентке толық қол жеткізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстанда спутниктік интернетті пайдалану бойынша пилоттық жоба шеңберінде радиорелелік желілер арқылы қосылудың техникалық мүмкіндігі жоқ, оған жету қиын аудандарда орналасқан 33 ауылдық мектеп Starlink интернеті қосылған.

Осы 33 мектептің ішінде Ақтоғай ауданында бес, Баянауыл ауданында он, Железин ауданында алты, Аққулы ауданында төрт, Тереңкөл ауданында үш, Екібастұзда екі мектеп интернетке қосылды. Сондай-ақ Май, Успен және Шарбақты аудандарында бір-бір мектептен косылған. Әрбір оқу орында интернет жылдамдығы 100-ден 150 Мбит секундына жетеді. 

Starlink спутниктік интернетке қосылу пилоттық жоба аясында жүзеге асырылуда және 2026 жылдың соңына дейін жұмыс істейді. Бірақ Цифрлық технологиялар министрлігі бұл желінің қауіпсіздігіне қанағаттанбайды.

– Starlink американдық SpaceX компаниясының коммерциялық жобасы ретінде мемлекеттік органдардың орталықтандырылған трафикті басқару мүмкіндігін қамтамасыз етпейді. Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың жағымсыз интернет-ресурстарға қол жеткізуі тұрғысынан ықтимал қауіп төндіретін қажетсіз контентті шектеу тетігіміз жоқ. Сонымен қатар, барлық трафик шетелдік инфрақұрылым арқылы өтеді, бұл құпия деректердің елден тыс жерге жайылып кетуіне әкелуі мүмкін, – деп түсіндірді ведомствода.

Сондықтан Илон Масктың Starlink интернеті қазақстандық OneWeb-ке ауыстырылады.

– OneWeb көмегімен біз мазмұнды сүзіп, ақпарат қауіпсіздігін қорғауды және деректерді тасымалдауды бақылай аламыз. Жоба деректердің негізгі бөлігі ел ішінде тасымалданады және өңделеді деп болжаймыз, – деп қосты облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ағыбай Әмірин.

Қазіргі уақытта OneWeb спутниктік жүйесі пилоттық кезеңде, яғни толық енгізілген жоқ.

«Jusan Mobile» АҚ бір мектепті OneWeb спутниктік интернет желісіне қосудың болжамды құнын жариялады: шығындарға жабдықты орнату – 437 286 теңге, тарифтік жоспар бойынша ай сайынғы 100 ГБ трафик үшін абоненттік төлем – 277 180 теңге және ай сайынғы жабдықты жалға алу – 228 827 теңге.

Сондай-ақ, «Қолжетімді интернет» жобасы бойынша 2027 жылдың соңына дейін талшықты-оптикалық байланыс желі арқылы жоғары жылдамдықты интернет облыстың барлық мектептеріне кезең-кезеңімен қосылады. Бүл ретте, шалғайдағы әлеуметтік маңызы бар нысандарға басымдық беріледі.