Павлодар мен Екібастұзда жүргізуші куәлігін алу үшін ақылы тәжірибелік сабақ қолжетімді

Павлодар мен Екібастұзда жүргізуші куәлігін алу үшін ақылы тәжірибелік сабақ қолжетімді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2025 жылдың басынан бастап бұл мүмкіндікті екі қаланың 357 тұрғыны пайдаланған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, олар арнайы ХҚКО-ның автодромында емтихандық бағытпен жүріп өту арқылы талаптармен танысып, жүргізу бойынша практикалық емтиханға деген сенімділігін арттырған. 

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыруға дайындалып жатқан үміткерлер арасында бұл қызметтің сұранысқа ие екенін айтады.

Ақылы тәжірибелік жүргізу болашақ жүргізушілерге емтиханға сапалы дайындалуға көмектесіп, үміткерлердің дайындық деңгейін арттырады және жүргізу емтиханын қайта тапсыру жағдайларын азайтады, – дейді филиалда. 

Қосымша ақпарат алу үшін тұрғындар жақын маңдағы мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінуіне немесе электронды сервистерді пайдалануына болады.

Айта кетейік, азаматтар бұл ақылы тәжірибеге өз бетінше «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы жазыла алады. Ол үшін тиісті қызмет түрін таңдау жеткілікті.  Практикалық сабақтың құны: жеңіл автокөліктер үшін – 3 700 теңге, жүк көліктері үшін – 4 200 теңге.