Павлодар облысы ауылдарында 30 медициналық нысан салынады
Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов «Салауатты ұлт» ұлттық жобасын іске асыру туралы баяндады.
– Бағдарлама бойынша жылдың аяғына дейін Набережное, Пограничник ауылдары мен Әлкей Марғұлан ауылдық округінде медициналық нысанның құрылысы аяқталады. Ал келесі жылы 30 ауылдық елді мекенде жаңадан медициналық нысан салу жоспарланған, – деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, жыл басынан бері шалғай жатқан ауылдарға арналған санитарлық көліктер кезең-кезеңімен жаңартылуда. Облыс бойынша 37 санитарлық автокөлік сатып алынды, ал 2025 жылға қарай медициналық ұйымдардың сантитарлық көліктерін 100%-ға дейін жаңарту жоспарлануда.
Оның сөзінше, бүгінде 20 нысан бойынша күрделі жөндеу жүріп жатыр. Оның ішінде 11-інде жұмыстар толық аяқталса, бесеуі желтоқсанның аяғына дейін жөнделуі тиіс. Атап айтқанда, облыс орталығындағы Балалар үйі, №2 жедел жәрдем қосалқы станциясының гаражы, Шарбақты аудандық ауруханасының Шегірен мен Баянауыл аудандық ауруханасының Үшқұлындағы медпункттері, Ақтоғай аудандық ауруханасының Әуелбек ауылындағы дәрігерлік амбулатория. Асайын Байханов аталған нысандар бойынша тәуекелдердің болдырмауын қадағалау керектігін атап өтті.
– Жылдың соңына дейін бір айдан астам уақыт қалды. Нысандар бойынша қатаң бақылау жүргізу керек, әсіресе Павлодар қаласы назарға алынсын, – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы облыс орталығының басшысына нысанды аралап, жұмыс барысын тексеруді тапсырды.