Екібастұздың тәртіп сақшылары саябақтағы кәсіпті қорғады
Олар «Атамекенмен» бірігіп, саябақтағы 30 бизнес нысанды бұзуға жол бермеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағын қайта құруға байланысты билік барлық аттракциондарды, дүңгіршектерді, кафелер мен дүкендерді иелеріне бизнес жүргізу үшін балама орындар бермей бұзуды жоспарлады.
Павлодар облысының «Атамекен» палатасы мен Екібастұз қаласының прокуратурасы кәсіпкерлердің өтінішіне жедел ден қойды.
– Қала прокуроры әкімнің қатысуымен саябақта кәсіпкерлермен сырттай кездесу өткізіп, оның нәтижелері бойынша мәселені соңғысының пайдасына шешілді, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта теңгерім ұстаушы ағымдағы жылға арналған тиісті келісім-шарт жасасу үстінде.