Орманшылар Павлодарға жабайы жануарлардың жиі кіріп кету себебін айтты
Бұл тұрғындарға қауіп төндірмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде жабайы жануарлардың қала ішінде жүріп жүрген бейнелер таралуда. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы бұған түсінік берді.
– Қысқы мезгіл – фауна үшін қиын кезең болып табылады.Сондықтан да, орман қызметкерлері төрт аяқты достарымызға жем беріп тұрады,– деді басқармада.
Ертіс өзенінің жайылмасында жабайы жануарлар үшін 78 азық орын жабдықталған.
– Павлодар облысында 1360-тан астам елік мекендейді. Олар қысқы кезеңде шөппен, түрлі ағаштар мен бұталардың бұтақтарымен қоректенеді,– деді басқармада. – Табиғи жемнің болуына қарамастан, 78 азық орын Ертіс алқабының бойында орналасқан. Онда жануарлардың ең көп шоғырлануы байқалады.
Азық кем дегенде 10 күнде бір рет толтырылады. Олар жануарлардың ізі бойынша тексеріледі.
– Еліктерден басқа, өзеннің жайылмалы аймағында ақбөкендер, қабандар, сусарлар мен бұландар да мекендейді. Жануарлар кейде қоныстану аймақтарына кірсе де, біз тұрғындарды алаңдауға негіз жоқ деп сендіреміз. Өйткені, негізінен, жануарлардың төлдері қалаға кіріп кетеді,– деп түсіндірді басқармада.
Биыл Павлодар облысында үш тоннадан астам шөп, 500 азықтық сыпырғыш және шөпқоректілерге 14 келіге жуық тұз қойылды. Қорықшылар жемге қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін мыңдаған шаршы метр аумақты қардан тазалап шықты.