Павлодар облысында апатты тұрғын үй саласындағы жемқорлық тәуекелдері тексеріледі
Қандай да бір ақпараты бар тұрғындардан жемқорлық фактілері туралы хабарлауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ескі және апатты тұрғын үй саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде. Аталған мәселелерді үйлестіретін жергілікті атқарушы органдардың қызметі талданатын болады.
Талдауды департамент қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді. Сондай-ақ, жергілікті азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады.
Егер сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты dmdgs_pavlodar@mail.ru электрондық поштаға жазуға, не болмаса 8 776 (832) 37-77 нөмірі бойынша айтуға болады. Тұрғындарда ұсыныс болған жағдайда Қамзин көшесі, 37 мекенжайында орналасқан «Antikor Ortalygy» фронт-офисіне келе алады.