Екібастұзда жер учаскелеріне байқау өткізіледі
Жер учаскелерінің жартысынан көбі жайылымға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 18 қараша күні сағат 14:30-да жалпы алаңы 6759,053 гектар жерге байқау ұйымдастырылады. Оның ішінде 2752,253 гектар – егістік, 3939,7 гектар – жайылым, 67,1 гектар – басқа алқаптар.
– Байқауды Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінен уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру мақсатында ұйымдастыруда, – дейді ведомствода.
Өтінімдер 28 қазаннан бастап, 15 қараша аралығына дейін қолма-қол немесе пошта арқылы Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайы бойынша қабылданады.
Байқаудың өтетін орны: Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45.
Жер учаскелерінің тізбесі жергілікті баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның сайтында жарияланған.
Анықтама үшін телефон: +7(7187)34-72-90, +7(7187)74-11-14.