Атамекен кентінде жеті көшенің атауы өзгертілді
Көшелерге атақты ұлы тұлғалардың есімдері берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Атамекен кенті әкімдігінің мәліметінше, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 15-бабы 4-тармақшасына, ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2- тармағына сәйкес және 2023 жылғы 23 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Павлодар қаласы Ленин кенті әкімінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 13 шешімімен келесі көшелерге қайта атау берілді:
Комаров – Шәмші Қалдаяқов;
Космонавтов – Ғарышкер;
Макаренко – Ахмет Байтұрсынұлы;
Шаталов – Әбілқайыр Баймолдин;
Водителя – Сығанақ;
Западная – Тараз;
Крылов – Алтын сақа болып өзгертілді.