Павлодар облысында қыркүйек айында үсік күтіледі

Павлодар облысында қыркүйек айында үсік күтіледі
Фото: Константин Шелков

Орташа температура +11,6...+12,9С болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы  түнде +1...+6°С, ал солтүстігінде 2°С-тан +6...+11°С-қа дейін түссе, күндіз +9...+14°С-тан +14...+19°С-қа дейін, оңтүстікте +23°С-қа дейін көтеріледі деп болжануда. 

Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 0...+5°С-қа, солтүстігінде 3°С-қа дейін түседі, ал күндіз +8...+13°С-ты көрсетеді. 

Үшінші онкүндікте түнде жердің бетін үсік шалып, сынап бағанасы 1°С-қа дейін түседі. Күндіз ауа температурасы +19...+24°С-тан  +12...+17°С-қа дейін көтеріледі. 

Бір айдағы жауын-шашын мөлшері шамамен нормаға жақын болады деп күтіледі (норма: 18-26 мм). 

Қыркүйек айында жаңбыр көп жауады деп болжануда. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Айдың ортасында тұман болуы мүмкін.