Павлодар облысында қыстың соңғы аптасы қандай болмақ?

Павлодар облысында қыстың соңғы аптасы қандай болмақ?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Синоптиктер осы аптаның ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 25 ақпанда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде қар, боран, күндіз батысында, оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде -8...-13°С, облыстың оңтүстігінде -5°С, ал күндіз 0...-5°С, облыстың шығысында -8°С-ты көрсетеді. 

26 ақпанда күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы түнде -8...-13°С, облыстың оңтүстігінде -5°С, ал күндіз 0...-5°С, облыстың шығысында -8°С болады. 

27 ақпанда да жауын-шашын күтіледі. Сынап бағанасы түнде -8...-13°С, ал күндіз -2...-7°С-ты көрсетеді. 

28 ақпанда түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Ауа температурасы түнде -15...-20°С, ал күндіз -5...-10°С-қа дейін төмендейді. 

1 наурызда күндіз облыстың оңтүстігінде қар жауып, боран соғады. Сынап бағанасы түнде -10...-15°С, ал күндіз -2...-7°С-ты көрсетеді. 

2 наурызда түнде де, күндіз де қар жауады. Ауа температурасы түнде -15...-20°С, ал күндіз 0...-5°С, облыстың шығысында -8°С-қа дейін төмендейді.