Павлодарда сөзге шешен оқушылар университет грантын ұта алады

Павлодарда сөзге шешен оқушылар университет грантын ұта алады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар пікірталасқа қатысып, бас жүлде – жоғары оқу орынға тегін түсу мүмкіндігі үшін таласады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«VERITAS» дебаттық ұйымы Ә.Марғұлан атындағы педагогикалық университетпен бірелісіп «Veritas school cup II» бірлесіп пікірталас сайысы өткізеді. Ол Әлкей Марғұланның 120 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылмақ. Бас жүлде – университет ректорының гранты.

Аталмыш турнир педагогикалық жоғары оқу орнының кез келген мамандығына тегін білім алуға ғана емес, сонымен қатар баға жетпес тәжірибе, жарқын эмоциялар, сондай-ақ бағалы сыйлықтар алуға тамаша мүмкіндік болып табылады, – делінген хабарламада.

Қатысуға өтінімдер 6 мамырға дейін қабылданады.