Павлодар облысында 1 қаңтарға дауылды ескерту жарияланды
Жаңа жылдың алғашқы күні павлодарлықтар үшін қолайсыз ауа райымен басталмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қаңтарда түнде облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын көтеріледі деп күтілуде. Сонымен қатар жолдарда көктайғақ болып, көлік жүргізушілеріне үлкен қауіп төндіруі ықтимал. Аймақтың батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарында қою тұман түсіп, көру мүмкіндігі шектеледі.
Желдің бағыты батыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігі мен шығысында оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.