Павлодарлық балаларға қысқы демалысты қалай пайдалы өткізуге болады

Павлодарлық балаларға қысқы демалысты қалай пайдалы өткізуге болады
Фото: жасанды интеллект

Қысқы демалысты қызықты өткізіп қана қоймай, күн тәртібін де бұзбау маңызды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Белсенді демалысты қалайтындар үшін мұз айдыны мен шаңғы – тамаша таңдау. Коньки тебу немесе шаңғымен сырғанау денені шынықтырады, төзімділікті арттырады. Ал серуеннен кейін ыстық шай немесе какао ішіп, әсермен бөлісу – қыстың нағыз ләззаты. Осы орайда шаһарда балаларға арнап 24 мұз айдыны жұмыс істейді. Олар мына мекенжайларда орналасады: 

  • Орталық алаң (екі айдын), 
  • Ш. Құдайбердіұлы (Бестужев) 6, 
  • Гагарин 30, 
  • Ломов 159, 
  • Қатаев 101, 
  • Ақ. Сәтбаев 243, 
  • Павлов 44, 
  • Н. Назарбаев 20, 
  • Айманов 29, 
  • Н. Назарбаев 42, 
  • Нұрмағамбетов 130, 
  • Торайғыров 44/1, 
  • Айманов 52, 
  • Қамзин 68, 
  • Астана 10, 
  • Бектұров 15, 
  • Н. Назарбаев 6/3, 
  • Ткачев 15, 
  • Павлодарское ауылы, Заводская 1, 
  • «Ertis» шаңғы базасы, 
  • Малайсары 39 мекенжайындағы «Восточный» жабық корты, 
  • Ген. Дүйсенов 105 (Қалалық бақ) және Гагарин саябағы.

Дегенмен қауіпсіздік ережелерін ұмытпау керек. Тексерілмеген төбелерден сырғанамаған дұрыс, бірінің артынан бірі «пойыз» болып түсу қауіпті. Қорғаныс құралдарын пайдалану және мұқият болу маңызды. Достармен жарыс ұйымдастырып, кім алысқа сырғанайды немесе ең қызықты түсу жасайды деп ойнауға болады. Ең бастысы – сақтық пен жақсы көңіл күй.

Өнерді, сахнадағы қойылымдарды ұнататын балалар үшін қысқы демалыс – театрға баруға таптырмас уақыт. Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры қаңтар айында бес қойылым қояды.

Үйде де қызықты уақыт өткізуге болады. Мультхикаялар көру кешін ұйымдастыру балаларға да, ата-аналарға да ұнайды. Жылы көрпе, дәмді шай мен тәттілер ерекше жайлы атмосфера жасайды. Мультхикаялар тек көңіл көтеріп қоймай, достыққа, мейірімділікке үйретеді және қиялды дамытады.

Айта кетейік, демалыс аяқталған соң мектепке қайта оралу кей балаларға қиын болуы мүмкін. Бұл кезде ата-ананың қолдауы аса маңызды. Алғашқы күндері баладан көп талап етпей, біртіндеп үйренуіне мүмкіндік берген жөн. Бұл жалқаулық емес, демалыстан кейінгі қалыпты бейімделу екенін түсіну керек.