Павлодар облысында 100-ге жуық лауазымды тұлға жазаланды

Павлодар облысында 100-ге жуық лауазымды тұлға жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар мемлекеттік қызмет беру мерзімін немесе оның тәртібін бұзған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мемлекеттік қызметтер туралы Заңға сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті. Рұқсат беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін лауазымды адамдар әкімшілік жауапқа тартылады. Алайда, көрсетілген талаптарға қарамастан, түрлі бұзушылықтар орын алады. 

– Алты мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Араласу қорытындысы бойынша департамент 304 азаматтың құқығын қалпына келтірді. Жалпы қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша 98 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 16 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекет бюджетіне 609 180 теңге өндірілді, – деді ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облысы бойынша департаментінде.

Мысалы, бақылау барысында көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу арқылы көрсетілетін қызметті алушыларға жер учаскесінің нысаналы мақсатындағы өзгерістер туралы шешімдерді уақтылы бермеу бөлігінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу фактілері анықталды.

– Департамент араласқаннан кейін Ақсу қаласы әкімінің аппаратымен бес көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген шешімдер 6-дан 100 жұмыс күніне дейін мерзімдері бұзылып берілді. Жол берілген бұзушылықтар үшін лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК 465-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекет бюджетіне 184 600 теңге көлемінде айыппұл өндірілді, – деді департаментте.

Егер мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасыздығына тап болған жағдайда департамент жанынан 20-85-06 сенім телефоны хабарласуға болады.

Сондай-ақ, тұрғындар Telegram мобильді қосымшасында «EgovKzBot 2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу кезінде «Уәкілетті органға жүгіну» бөлімінде шағым жібере алады.