Павлодарда балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеген азаматтар марапатталды
Олар балалардың өміріне қауіп төніп тұрғаны жайлы полицияға хабарлаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мәселен, 13 мамыр күні Динара Жұмашева полиция қызметкерлеріне хабарласып, Ткачев көшесіндегі үйлердің бірінде екінші күн торсыз әйнектің алдында бала тұрғанын хабардар етті.
Дәл осындай жағдай Баян батыр көшесінде орын алған. Павлодарлық тұрғын Станислав Бастрыков сағат 15:00 шамасында үйлердің бірінде екі бала бесінші қабаттағы үйдің терезесінен сығалап тұрғанын хабарлады.
Екі оқиғада да зардап шеккендер жоқ, тәртіп сақшылары қауіптің алдын алып, балалардың ата-аналарына хабар берген.
- Бала тұрғындарының дереу хабарласуының арқасында қайғылы оқиғаларға жол берілген жоқ. Сіздерге азаматтық ұстанымыңыз үшін алғыс білдіремін және мұндай патриоттармен елде жазатайым оқиғалар аз болатынына сенімдімін. Құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен азаматтарды ынталандыру - полицияның ең жақсы дәстүрлерінің бірі, - деді Павлодар облысы полиция департаменетінің бастығы Василий Скляр құттықтау сөзінде.
Бұдан бөлек, белсенді тұрғындарды облыстық мәслихаттың төрағасы Илья Теренченко құттықтады.
Айта кетейік, бұған дейін полиция департаменті мен облыстык мәслихаттың депутаттары ағымдағы жылғы құқық бұзушылықтардың алдын алу және өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бірлескен жоспарға қол қойған болатын.