«Ертіс орманында» орман өрттерінің алдын алу талқыланды

«Ертіс орманында» орман өрттерінің алдын алу талқыланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шалдай ауылының ақсақалдар кеңесі тәжірибелерімен бөлісуге ниет білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи қорығы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін табиғи резерваттың бас директорының міндетін атқарушы Қазбек Әметов Шалдай ауылының ақсақалдар кеңесімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазбек Әметов резерваттың атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып, ауылды абаттандыру, қоқыс полигонын қоршауда көмек көрсету, сондай-ақ алдағы істердің бағыт-бағдарын айқындады. 

Ақсақалдар кеңесінің мүшелері алдағы уақытта да табиғи резерват қызметіне өз үлестерін қосуға дайын екендерін, орманшылармен арнайы кездесулер ұйымдастырып, орман өсіру мен орман өрттерінің алдын-алуда өз тәжірибелерімен бөлісетіндерін жеткізді.