Павлодар облысында екі күнде мыңға жуық жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды

Павлодар облысында екі күнде мыңға жуық жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңір аумағында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі күн ішінде тәртіп сақшылары мыңнан астам жуық жол жүру ережесін бұзуды анықтады. Оның ішінде жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзудың 178 фактісі, маневр жасау ережелерінің 107, жүргізу құқығы жоқ адамдарды көлік құралын жүргізудің 20 фактісі, төтенше жағдайдың 19 фактісі,  жолдың белгіленбеген жерден өтуінің 161 фактісі анықталды.

– Павлодарда күндізгі уақытта Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Катаев-Амангелді көшелерімен жүріп келе жатып, қайта басқа жолға тұру кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбеді. Осылайша өзінің маневрлерімен жол бойында апаттық жағдай туғызып, қозғалыстың басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндірді, – деп атап өтті ведомствода. 

Сонымен қатар, облыс жолдарында мас күйінде көлік жүргізген тоғыз жүргізуші ұсталды. 

Полиция азаматтарды жол қозғалысы туралы заңдар мен ережелерді сақтауға, мас күйінде көлік құралын жүргізуден бас тартуға кеңес береді. Бұл шаралар барлық жол қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.