Павлодарда көлік өртке оранды

Павлодарда көлік өртке оранды
Фото: Константин Шелков

Оқиға орталық жағажайдың маңында орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 23.07 шамасында Исеналиев көшесі, 1 мекенжайында ашық кеңістікте Nissan Cefiro маркалы автокөлігі өртке оранған. 

Өрт сөндірушілер сағат 23.17 шамасында тілсіз жауды ауыздықтап, 23.26-да толықтай сөндірді. Салдарынан зардап шеккендер жоқ. Себебі мен шығыны анықталуда.