Павлодар облысында 8 тамызда түнде жаңбыр жауып, күндіз күн ашық болады
Өңірде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды. Облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы +10…+15 градус болады. Күндіз өңірде жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы +22…+27 градусқа дейін көтеріледі.
Павлодар қаласында түнде көшпелі бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. Түнгі ауа температурасы +11…+13 градус шамасында болады. Күндіз қалада көшпелі бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы +24…+26 градусқа дейін жылынады.