Павлодар облысының әкімі көлік қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Асайын Байханов оларға зор денсаулық және жаңа кәсіби табыстар тіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс басшысының айтуынша, көлік пен жол — бұл тек инфрақұрылым ғана емес, елдің экономикалық дамуы мен тұрақтылығының тірегі, қалалар мен ауылдарды, кәсіпорындар мен халықты байланыстыратын өмір жолы.
- Сіздердің адал еңбектеріңіздің, жоғары кәсібилік пен тәртіпке негізделген қызметтеріңіздің арқасында Ертіс өңіріндегі 6 000 шақырымнан астам автожол мен теміржол торабы арқылы жыл сайын 150 миллион тоннадан астам жүк тасымалдануда, - деп жазды әкім.
Асайын Байханов сала қызметкерлерінің адал еңбегінің, жоғары кәсібилігі мен тәртібінің арқасында сенімді көлік желісі қалалар мен ауылдарды, кәсіпорындар мен халықты байланыстырып тұрғанын атап өтті.