Павлодар облысында алдағы аптада ауа райы құбылмалы болады
Аптаның соңына дейін бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 11 қарашада түнде облыстың батысы мен солтүстігінде, күндіз бүкіл өңір бойынша қар аралас жаңбыр жауады. Көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Температура түнде 0…-5°С, батыста -8°С-қа дейін төмендейді, күндіз 0…+5°С болады. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метрге, кей жерлерде екпіні 15-23 метрге дейін жетеді.
12 қарашада облыс аумағында жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын сақталады. Ауа температурасы түнде -2…+3°С, күндіз 0…+5°С-қа дейін көтеріледі.
13 және 14 қарашада облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауып, бұрқасын соғады. 13 қарашада сынап бағанасы түнде де, күндіз де 0…-5°С, 14 қарашада түнде -5…-10°С, күндіз -2…-7°С-ты көрсетеді.
15 қарашада жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде -2…-7°С, күндіз 0…+5°С. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метрге, солтүстікте екпіні 15–20 метрге дейін жетеді.
16 қарашада күндіз облыстың солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ пен бұрқасын болуы ықтимал. Ауа температурасы түнде 0…-5°С, күндіз -3…+2°С-қа дейін көтеріледі.