Павлодарлықтар қостанайлық суретшілердің жұмыстарын тамашалай алады

Павлодарлықтар қостанайлық суретшілердің жұмыстарын тамашалай алады
Фото: Константин Шелков

Қылқалам шеберлері бес көркем, 10 графикалық, 6 акварель суретін ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ertis» мұражайында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қор коллекциясынан Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған «Мәңгілікке қол тигізу» атты көрмесі өтті.

Әбілхан Қастеевтің ерекше шығармашылығы Қазақстанның бейнелеу өнерінің одан әрі қалыптасуы мен дамуына негіз болды. Шебердің жұмыстары Мәскеудегі Третьяков галереясының коллекцияларында, Киевтегі Шевченко музейінде, Қырғызстан, Тәжікстан музейлерінде, Алматы, Астана, Қостанай галереялары мен музейлерінде және Қазақстанның басқа да қалаларында сақтаулы. 

Әбілхан Қастеев артына түрлі жанрдағы картиналардың мол мұрасын қалдырды.

 – Олардың бір бөлігі Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің алтын қорына енді. Суретшінің шығармашылық мұрасында портрет жанры маңызды орын алады, олар өзінің бейнелілігімен, тұлғаны тарихи оқиғалармен және өз заманының рухымен өзара қатынасын көрсетуге ұмтылуымен ерекшеленеді, - дейді Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық-көрме қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Қарлығаш Бейісова.

Оның айтуынша, өмір бойы суретші акварельді жақсы көрді. Қастеевтің акварельдерінде айқындық пен қарапайымдылық, түс тербелістерінің нәзіктігі және олардың суретшінің жан дүниесіндегі әсері басым. Оның әрбір шығармасы – туған жер мен оның адамдары туралы шабыттандырылған әңгіме, оларда XX ғасырда республикада болған барлық маңызды тарихи оқиғалар көрініс тапты.

Көрмеде пейзаждар көркем және акварельді ұсынылған. Аталмыш көрмеден  Қазақстан жерінің жаңартылған сұлулығын, адам өмірін, еңбегін, оның қызметін жыртылған жерлерді, заманауи ғимараттарды бейнелеуден көруге болатын Әбілхан Қастеевтің 15 жұмысы бар.

Сонымен қатар, көрмеге Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қор коллекциясынан – Николай Торшин, Георгий Соков, Светлана Шалунова, Наталья Халифаема, Олег Кусков және басқа қостанайлық суретшілерінің жұмыстары қойылды. 

– Бүгінгі көркем туындылар Қостанай бұрыштарының құндылығын, қала мен әр ғимараттың тарихына деген терең сүйіспеншілігін көрсетеді. Олар қоршаған табиғаттың сұлулығын, барлық тұрғындардың бақытты өмірін, күнделікті жұмыс күнінің қарбаласын, сүйікті хоббилерін және еліміздегі әл-ауқат пен бейбітшілікті жеткізеді, – дейді Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық қамтамасыз ету кескіндеме бөлімінің әдіскері  Николай Титов. 

Сондай-ақ, Павлодар облыстық көркемсурет мұражайының коллекциясында Әбілхан Қастеевтің 41 картинасы сақталған. Оның ішінде «Менің Отаным», «Қарт адамның портреті», «Шоқан Валханов», «Болашақ Артек», «Әйел портреті», «Жайлауда», «Көп жүн», «Өзен-ЖЭО. Болашақ зауыт» және басқа жұмыстары. 

Айта кетейік, қала тұрғындары аталмыш көрмеге бір ай бойы бара алады.