Павлодар облысында алдағы күндері қар, тұман және көктайғақ күтіледі
Синоптиктер 16-20 ақпан аралығында облыс аумағында ауа райы құбылмалы болады деп болжайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 16 ақпанда күндіз облыстың батысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -15…-20°С, солтүстік пен шығыста -25°С дейін төмендейді. Күндіз 0…-5°С. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
17 ақпанда облыстың батысы, солтүстігі және шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ және тұман болжанады. Түнде -5…-10°С, шығыста -13°С. Күндіз ауа температурасы -3…+2°С аралығында болады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с.
18 ақпанда да батыс, солтүстік және шығыс аудандарда қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ және тұман сақталады. Түнде -2…-7°С, шығыста -10°С. Күндіз -3…+2°С. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с.
19 ақпанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз солтүстік пен шығыста жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыс және солтүстік өңірлерде тұман түседі. Ауа температурасы түнде -5…-10°С, батыс пен солтүстікте -15°С. Күндіз де -5…-10°С, батыс пен солтүстікте -15°С. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
20 ақпанда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда тұман болады. Түнде -15…-20°С, батыс пен солтүстікте -23°С дейін төмендейді. Күндіз -10…-15°С. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с.