Павлодар облысында антитеррористтік оқу-жаттығу өтеді

Павлодар облысында антитеррористтік оқу-жаттығу өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шара терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Павлодар облысы терроризмге қарсы штабының мәліметінше, 19 тамыз күні сағат 08:00-13:00 аралығында Павлодар облысы аумағында ҚР Антитеррорлық орталығының үйлестіруімен жоспарлы «Тамыз - Антитеррор-2025» антитеррористтік оқу-жаттығу өтеді.

Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу- жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.