Павлодар облысында аптап ыстық сақталады

Осы аптада +38°С ыстық күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 17 маусымда жауын-шашын күтілемейді. Сынап бағанасы түнде +17...+22°С, ал күндіз +30...+35°С көрсетеді.
18 маусымда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +20...+25°С, ал күндіз +33...+38°С дейін ысиды.
19 маусымда жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +21...+26°С, ал күндіз +33...+38°С көрсетеді.
20 маусымда да жаңбыр күтіледі, сондай-ақ, бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +18...+23°С, ал күндіз +28...+33°С болады.
Сенбіде де жауын-шашын күтіледі. Сынап бағанасы түнде +17...+22°С, ал күндіз +27...+32°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы түнде +17...+22°С, ал күндіз +30...+35°Скөрсетеді.