Павлодар облысы әкімінің жаңа көмекшісі мен кеңесшісі тағайындалды

Павлодар облысы әкімінің жаңа көмекшісі мен кеңесшісі тағайындалды

Облыстық әкімдікте кадрлық ауыс-түйіс орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жаңа тағайындалғандарды аймақ басшысы Асайын Байханов облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында таныстырды. 

Бауыржан Нығметұлы Есімов Павлодар облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс сұрақтары жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. 

Ол 2019 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы қызметін атқарды. 

Бауыржан Есімов 1979 жылы дүниеге келген, жоғары білімі бар. «Құқықтану» мамандығы бойынша Орталық Қазақстан академиясын тәмәмдаған. 

Еңбек жолын 1999 жылы №01852 әскери бөлімшесінің техникалық-эксплуатациялық бөлімінің регламент және жөндеу тобында аға авиациялық технигі лауазымында бастаған. 

2006-2019 жылдары Ақмола облысының аудандық және қалалық бөлімдері мен департаментінде, Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде басқарма басшысы, департамент басшысының бірінші орынбасары лауазымдарында болды. 

Ал, Айгүл Серікқызы Сағатова Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. 

Айгүл Серікқызы 1993 жылы дүниеге келген. «География» мамандығы бойынша жоғары білімді. 

Әр жылдары Дөнентаев атындағы орта мектепте мұғалім, Екібастұз қаласы әкімінің аппаратының бас маманы-баспасөз хатшысы, «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы қызметтерін атқарды. 

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары лауазымында болды. 

Фото: Валерий Бугаев