Павлодар облысында Астанаға баратын тас жол жабылды
Өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnerws.kz тілшісі.
Сағат 10.00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында, Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін көлік қозғалысы жабылды.
Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрді құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 28, кей жерлерде секундына 30 және одан да көп метрге жетеді.
Сондай-ақ, «Қызылорда – Павлодар – Успен - РФ шекарасы» (1135-1367 км), автожолында барлық көлік құралдары үшін қозғалыс шектеуі енгізілді.
Төтенше жағдайлар департаменті ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынады.