Павлодар облысында ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Павлодар облысында ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шенеунік бұған дейін Ақжол ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста Асайын Байханов жаңа басшыны таныстырды. Дархан Досжанов облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Дархан Досжанов 1976 жылы туған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2014-2019 жылдар аралығында түрлі лауазымдарда, соның ішінде Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 

Жаңа тағайындалған лауазымға дейін 2021 жылдан бастап Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.