Павлодар облысында автокөлік қозғалысына шектеу қойылды

Павлодар облысында автокөлік қозғалысына шектеу қойылды

Оған себеп ауа райының нашарлауы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- 28 ақпан күні сағат 23:15-те ауа райының нашарлауына байланысты яғни бораннан жолдың  көрінбеуіне орай "Кызылорда-Павлодар" автожолының  1367-1258 шақырымында Ленин кентінен Екібастұз қаласына дейін барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген хабарламада.

Жолда абай болуды ескертеді.