Асайын Байханов бірнеше ауданның жайылым алқабын әуеден бақылады (ВИДЕО)
Аймақ басшысы мамандармен бірге Аққулы, Май, Павлодар аудандарының және Ақсу қаласының ауылдық аймақтарының жайылма алқаптарын көзімен көріп қайтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды.
- 10 сәуірден бастап бекітілген кестеге сәйкес су қоймаларының жоғарғы Ертіс каскадынан табиғатты қорғау мақсатында су жіберіле бастады. Негізгі кезеңі 13-30 сәуір аралығында жоспарланған, су 12 тәулік бойы 3500 м3/сек жіберіледі. Жалпы бекітілген көлемі - 6,2 км3. Табиғатты қорғау мақсатында жіберіліп жатқан су ағындары бүгінгі таңда Ертіс өзенінің төменгі ағыс бөлігінде байқалады. Су Павлодар, Ақсу қалаларының және Павлодар ауданының жайылмаларын толтыруда, -деп жазды Асайын Байханов.
Аймақ басшысының айтуынша, алдын ала есептеулер бойынша жайылманың 75-80% алқабын су басады деп күтілуде. Жалпы жоспарланған 6,2 км3 көлемнен қазірдің өзінде 4,6 км3 немесе шамамен 74% су жіберілді.
Қазір облыстың жайылма алқаптарының шамамен 64% су басса, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есеге артық.
Жұмыс барысында мамандарға табиғатты қорғау мақсатында жіберіліп жатқан су ағындарын бақылауды жалғастыруды және соған сәйкес дезенсекциялық жұмыстардың жоспарына түзету енгізуді тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram