Ішкі істер министрінің орынбасары Павлодарға жұмыс сапарымен келді
Сапары барасында Игорь Лепеха "Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі" пилоттық жобасының жұмыс арысын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ол жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда. Жоба аясында учаскелік полицияның жаңа моделі іске қосылды. Онда азаматтардың жұмыс және қабылдау режимі сағат 9-дан 22.00-ге дейін үзіліссіз жүргізілсе, азаматтарға арналған өтініштердің бірыңғай арнасы, онда әрбір өтініш тіркеледі және уақтылы, сапалы пысықталады. Сонымен қатар, жүйелі профилактикалық ден қою шараларын талап ететін қайталанатын проблемаларды анықтау үшін өтініштерге талдау жүргізіледі.
Пилоттық жоба шеңберінде қалада Усолка шағын ауданында орналасқан модельдік учаскелік полиция пункті ашылды. Бұл азаматтармен жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлары бар заманауи қызмет көрсетуге бағытталған бөлме. Ана мен бала бөлмесі бар, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған.
Игорь Владимирович полицияның сервистік учаскелік пунктерінің практикалық жұмысымен танысып, жаңа модельді іске асыруға байланысты мәселелерді талқылады.
Министрдің орынбасары жеке құраммен кездесіп, қарапайым полицейлер мен олардың басшыларының жұмысында азаматтардың өтініштеріне сәйкес қандай өзгерістер болуы керек екенін атап өтті.
- Полицияның басты мақсаты - сервистік полицияға көшу, әрбір жағдайда жүгінген адамды қорғау және көмектесу, сервистің сапасына кепілдік беруді білдіреді. Сапа критерийлері-заңдылық, уақытылық, хабардарлық, толықтық және сыпайылық. Бұл біздің жұмысымыздың стандартына айналуы тиіс, - деді Игорь Владимирович жеке құраммен әңгімелесуде.
Пилоттық жоба барысында халықпен өзара іс-қимылды жақсарту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін процестерді цифрландыру және оңтайландыру саласындағы басқа да жаңалықтар сыналатын болады.