Павлодар облысында бірінші ауысымның оқушылары онлайн оқиды

Павлодар облысында бірінші ауысымның оқушылары онлайн оқиды
Фото: Константин Шелков

Ауа райының қолайсыздығынан сабақтар қашықтықтан өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, 14 желтоқсан күні бірінші ауысымның 0-11-сынып оқушылары, 9-сыныптан кейін түскен 1-2-курс колледж студенттері онлайн форматында оқиды.   

Оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 5-10 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 29-34, күндіз 20-25 градусты көрсетеді.