Павлодарда 1500-ге жуық түлек 11-сыныпты бітірді
Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде оқу жылының соңғы күнінде сынып сағаттары өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Салтанатты іс-шаралар 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу форматында ұйымдастырылды.
– Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 1-11- сыныптардың 48848 оқушысы үшін соңғы қоңырау соғылды. Оның ішінде 11-сыныптың 1463 түлегі мен 9-сыныптың 4061 түлектері бар. 11-сынып түлектерінің қатарында «Алтын белгі» үздік аттестатына үміткерлер саны – 29, үздік аттестатқа үміткерлер – 55, – деді қалалық білім беру бөлімінде.
Мерекелік іс-шараларға облыс және қала әкімдігі, Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Аманат» партиясы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, құрметті азаматтар қатысты.
Алдағы уақытта 9 және 11-сынып түлектері мемлекеттік емтихандарды тапсырады. 1299 түлек 16 мамыр мен 5 шілде аралығында ҰБТ тапсырады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұсынымына сәйкес алғаш рет республика мектептерінде оқу сабақтары 31 мамырда аяқталды.