Павлодарлық тұрғын Қостанайдағы шіркеуді 1,2 миллион теңгеге тонаған
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Polisia.kz. ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, Қостанайда полиция қызметкерлері шіркеу заттарын ұрлаған күдіктіні құрықтады. Қаңтарда ер адам ғибадатханаға жасырын кіріп, шамамен 1,2 млн теңгеге екі қола крест, потирді, дискосты, діни қызметкердің қола крестін, конфессиялық інжілді ұрлап кеткені анықталды. Ұрлық жасағаны үшін оның мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
– Сол күні теміржол вокзалында полицейлер Павлодардың 58 жастағы тұрғынын ұстады. Жасырын ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауға алынды, – деді Қостанай қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.
Айта кетейік, полицейлерге Қазақстан Православие шіркеуі басшысының Алғыс хаты келіп түсті.