Павлодар облысында балық шаруашылығын дамытуды субсидиялауға өтінімдер қабылдайды
Өтінімдер биылғы жылдың 31 тамызы мен 15 желтоқсан аралығында «BALYQSY» ақпараттық сервисі арқылы қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы балық шаруашылығын дамытуды субсидиялауға субсидиялаудың келесі түрлері бойынша электрондық өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды:
- балықтарға арналған құрама жем өндіретін зауыт (цех) құру және (немесе) кеңейту;
- қуаттылығы жылына 25 тонна тауарлы балықтан басталатын тоғанда балық өсіру шаруашылығын, сондай-ақ қуаты 1 миллион дана біржазғы тұқы және 200 мың дана біржазғы бекіре балық түрлерінің шабақтарын өндіретін балық тәлімбақтарын құру және (немесе) кеңейту;
- жылына 45 тонна тауарлы балық өсіру үшін сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығын құру және (немесе) кеңейту;
- жылына 50 тонна тауарлы балық өсіру үшін тор қоршауда балық өсіру шаруашылығын құру және (немесе) кеңейту;
- Ауданы 50 гектардан кем емес көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы үшін жабдықтар мен техника, отандық өндірістегі балықтарға жем сатып алу;
- өндірістік қуаты тәулігіне 1 тоннадан басталатын балық өңдеу объектісін құру және (немесе) кеңейту;
- балық өсіру-биологиялық негіздемеге;
- балық отырғызу материалына;
- дәрілік препараттарға;
- акваөсіру (балық өсіру) мақсатында балық басын толықтыратын аналық балық үйірі мен оларды күтіп бағуға.
Қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: Жеңіс алаңы, 5Б, 302-кабинет. Байланыс телефондары: 65-25-57, 32-00-85, +7 777 001 0579.