Павлодар облысында биылғы жылдың алғашқы сайлауы өтті
Железин ауданында Михайлов ауылдық округінде жаңа әкім таңдалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Сайлау 18 қаңтарда ұйымдастырылды. Сайлаушылар тізіміне 1112 азамат енгізілді. Дауыс беруге 576 сайлаушы қатысты, оның ішінде 47 адам үй-жайдан тыс дауыс берді.
Сайлауға 2 кандидат қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша Рустам Вагитов ең көп дауыс жинап, Михайлов ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Ол 1990 жылы туған, Михайловка ауылында тұрады.
Еске сала кетейік, 2026 жылы Павлодар облысындағы бірқатар ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің заңмен белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталады. Келесі сайлау 1 ақпан күні Ертіс ауданының Амангелді ауылдық округінде өтеді.