Павлодар облысында босанған аналардың орташа жасы қандай?
Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Finprom.kz сарапшыларының мәліметінше, 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектің қорытындысы бойынша Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келді. Бұл – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға аз. Туу көрсеткіші 1 мың адамға шаққанда 18,47 құрады, бір жыл бұрын 19,54 болған.
Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелген – 40,3 мың (жылына минус 2,9%). Бұдан кейінгі орында Алматы – 26,1 мың (жылына минус 1,1%), Алматы облысы 24,2 мың (жылына минус 3,5%) тұр. Ал Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында керісінше дүниеге келген бала саны азайған.
– 2023 жылы елімізде бала туған ананың орташа жасы 29,7 жасты құрады. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 0,2 жылға артық (29,5 жас). Ең жоғары көрсеткіштер Астанада (30,8 жыл), Алматыда (30,6 жыл), сондай-ақ Павлодар (30,4 жыл) және Шығыс Қазақстан (30,3 жыл) облыстарында тіркелді, – деп жазылған хабарламада.
Баланың туу кезіндегі ананың ең кіші орташа жасы Түркістан облысында (28,4 жас), сондай-ақ Жамбыл облысында және Шымкентте (әр өңірде 29 жастан) байқалды.