Павлодар облысының тұрғындары қарбыздарды экспресс-тестпен тексере алады

Павлодар облысының тұрғындары қарбыздарды экспресс-тестпен тексере алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мамандар нитратометр арқылы зерттеу жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 20 мамырдан 20 маусымға дейін «Нитраттар бақылауда» акциясы шеңберінде тұтынушының қалауы бойынша сатып алынған жеміс-жидектер мен көкөніс және бақша өнімдеріне экспресс-зерттеулер жүргізілетін болады. 

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, мониторинг барысында мамандар ұйымдастырылмаған стихиялық сату орындарында тұрғындарға нитраттарға тексеріс өткізуді ұсынады. Бұл ерікті түрде жүргізіледі. 

– Мамыр, маусымда қарбыздар ерте піседі. Ерте пісетін көкөністер мен жемістерден ауыр уланып қалуға болады. Бұл дененің пестицидтер мен нитраттармен қанығуына байланысты болуы мүмкін, – деді департаментте. – Көкөністерді, жемістерді, бау-бақша өнімдерін тек белгіленген жерлерде сатып алу ұсынылады: азық-түлік базарлары, дүкендер, супермаркеттер.  Сатушыда өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжаттар болуы керек.

Бүгінгі күні нитраттар барлық дерлік көкөністер мен жемістерде кездеседі, бірақ әртүрлі мөлшерде. Химиялық заттар әсіресе қызанақ, қияр, шалғам, қырыққабат, қызылша, картоп, ақжелкен, аскөк, салат, құлпынай, қарбыз және қауында болады. 

– Улану белгілері әдеттегі тамақтан улануға ұқсас – бұл іштің ауруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, сонымен қатар бас ауруы, буындардың ауыруы, терінің аллергиялық реакциясы, – деді департаментте. 

Эпидемиолог мамандар ерте піскен қарбызды таңдау бойынша бірқатар белгілерге мән беруді ұсынады:

  • Қарбыз кішкентай болуы керек – ірі жидектер нитраттарды көбірек тартып алады;
  • Қабығында ойықтар, зақымданулар болмауы керек;
  • Жидектің шыққан елі мен аймағы көрсетілген құжаттар болуы керек;
  • Ерте піскен қарбызды қабығына дейін жеуге болмайды, себебі қарбыздың қызғылт және ақ бөліктерінде химиялық заттар көп жиналады.

Қарбызды жол жиектерінен және ұйымдастырылмаған стихиялық сату орындарынан сатып алуға болмайды, мұндай өнімнің заңдылығын бақылау мүмкін емес. Сатып алынатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап ету қажет.