Павлодар облысында буллингтен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Павлодар облысында буллингтен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Фото: Константин Шелков

Зәбір көргендер тегін әрі жасырын психологиялық көмекке жүгіне алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық білім басқармасының мәліметінше, аймақ бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларды анықтау және оларға көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. 

Егер сізге немесе балаларыңызға психологиялық көмек қажет болса, сіз тегін және жасырын негізде қызмет көрсететін психологиялық көмек кабинеттеріне немесе сенім телефондарына жүгіне аласыз.

Сіздерге көмек беру үшін М.Катаев атындағы оқушылар сарайы базасында (Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 27) «SENIM ROOM» психологиялық көмек көрсету кабинеті, Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығында «1302», 8(800)0803434 сенім телефонымен медициналық-психологиялық көмек қызметі, «AMANAT» партиясы жанындағы «Шұғыл қызмет 111» байланыс орталығы жұмыс істейді.

Өңір тұрғындарына кенеттен өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасылар туралы фактілерді, қатыгездікке ұрынған балалар туралы көріп, естіген болсаңыз ұялы телефон арқылы облыстық білім беру басқармасының call-center-не 8 (7182) 650060, 87074916405 хабарласуды сұрайды.