Павлодар облысында бірнеше адамды кене шаққан

Павлодар облысында бірнеше адамды кене шаққан
Фото: pixabay.com/Erik_Karits

Аймақта кене энцефалиті мен Лайма ауруын тарататын өрмекші тәрізділер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, күн жылығаннан бері жапырақтарда қыстап шыққан кенелер қорек іздеуді күшейткен. Жәндіктерден жануарлар ғана емес, адам да зардап шегуі мүмкін. Егер кене қауіпті вирустар немесе бактериялар жұқтырса, жара арқылы адамға жұқтыруы мүмкін. 

Маусым басталғаннан бері Павлодар облысында кене шағудың 29 жағдайы тіркелді.

Кенелердің көптеген түрлері бар, энцефалит және Лайма ауруын иксод кенелері тасымалдайды. Бұл аурулар табиғи-ошақта, белгілі бір аумақтарда тіркеледі. Павлодар облысы мұндай аймақтарға жатпайды,  – дейді санитарлық дәрігерлер.

Аймақта иксод кенелері жоқ және қауіпті аурулар инфекциясын жұқтыру деректері тіркелмеген. 

Мамандар кене шағып алғаннан кейін қызару, бөртпе, дене температурасының көтерілуі, әлсіздік, жүрек айну, құсу пайда болған кезде дереу дәрігерге жүгінуге кеңес береді.