Павлодар облысында бұрқасын күтіледі

Павлодар облысында бұрқасын күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Төтенше жағдайлар департаменті бұл жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлардың алдын-алу басқармасының мәліметінше, 14 ақпанда облыста бұрқасын, облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде кей уақытта секундына 23-28 метр күтіледі.

14-16 ақпан аралығында ауа температурасы 0-5 аяздан 33-38 аязға дейін күрт төмендейді.

– Мұзда педальдармен немесе рульмен кенеттен қозғалыс, жылдам тежеу және үдеу жасамаңыз. Кез-келген маневр сырғанауға әкелуі мүмкін. Төмен температура жағдайында үсік шалуды болдырмас үшін көшеде ұзақ уақыт жүрмеу қажет. Көшеде жел күшейген жағдайда, жақын жерде орналасқан электр желілерінен аулақ болыңыз. Сондай-ақ, үйлердің карниздерінен, шыны терезелерден, жарнамалық стендтерден және созылу белгілерінен аулақ болу, әлсіз шатырлар мен ағаштардың жанында тұрмау, олардың жанында көліктеріңізді қалдырмау ұсынылады, – деді басқарманың аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Айжас Сабыржан.

Алыс қашықтыққа шығар алдында жоспарлаған бағыттағы жолдың ашық екеніне Darmen мобильді қосымшасы арқылы көз жеткізуге болады.

Төтенше жағдайлар кезінде және шұғыл көмек көрсету қажет болған жағдайда құтқару қызметіне 112 нөмірі бойынша қоңырау шалу қажет.