Павлодарда полицейлер арасында футболдан турнир өтті

Павлодарда полицейлер арасында футболдан турнир өтті
Фото: Константин Шелков

Жарысқа батальонның бес командасы қатысты, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  патрульдік полиция батальонының полицейлері арасында футболдан турнир ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты спортпен шұғылдануға жеке құрам арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. 

– Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы салауатты өмір салтын бекітуді, азаматтарды дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға тартуды Қазақстанның даму басымдықтарының бірі ретінде айқындады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамды сауықтыру бойынша үлкен өзгерістердің куәсі болып қана қоймай, өткізілетін спорттық іс-шаралардың белсенді қатысушылары болып табылады, – деп атап өтті Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мәлік Оңғарбаев. 

 Жарыс қорытындысы бойынша ротаның бірінші командасы жеңіске жетіп, ауыспалы кубоктың иегері атанды. Екінші құрметті орынның иегері үш рота командасы болды. 

Батальон аппаратының командасы тең күресті көрсетіп, үшінші орынды иеленді. Төртінші және бесінші орындарды екі рота мен атты әскер взводы бөлісті.