Павлодар облысында дауыс беру учаскелері жабылды
Сайлау учаскелері сағат 7:00-ден бастап жұмыс істеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Атом электр станциясының құрылысы бойынша жалпыхалықтық дауыс беру учаскелері сағат 20:00-ге дейін ашық болды. Өңірде 520 учаске жұмыс істеді.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыс тұрғындары үшін 510 мыңнан астам бюллетень дайындалды. Олар екі тілде толтырылған. Бір ғана - «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісесіз бе?» деген сұраққа жауап беру керек болды. Жауаптың екі нұсқасы бар: «иә, келісемін» және «жоқ, келіспеймін».
2024 жылғы 6 қазандағы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша елімізде тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56%-і бюллетень алды.
Тізімде 79,87 % көрсеткішпен Қызылорда облысы көш бастады. Екінші орында Түркістан облысы (74,23 %), ал үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы (72,58%) тұр.
Павлодар облысында тізімге енгізілген тұрғындардың 62,51% таңдау жасап үлгерген.
Дауыс берушілердің келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 21.00-де берілетін болады.