Павлодар облысында еріктілер жарты миллион теңге ұта алады

Байқаудың жалпы жүлде қоры үш миллион теңге, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Салауатты өмір салтын қолдаушы жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Volonteer time» атты шағын гранттар байқауы басталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қоғамға пайда әкелетін идеясы бар жастарға әрқайсысы 500 мың теңгеден алты грант бөлінеді.
Байқау үш бағыт бойынша өтеді: «Qamqor» – әлеуметтік волонтерлік, «Әділет» – құқықтық көмек көрсету, «Eco volunteer» – экология және тазалықты сақтау.
Өтінімдер 15 мамыр мен 9 маусым аралығында қабылданады. Қатысу үшін өтінімдерді «КОНКУРС МАЛЫХ ГРАНТОВ» белгісімен zoj_pvl@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет. Байқау шарттарымен Telegram-дағы malyegranty2025 арнасынан танысуға болады.
Жеңімпаздардың есімі @zoj_pvl және @aqparatqogam_pavlodar парақшаларында жарияланады.