Павлодар облысында «Ертіс орманы» басшысының орынбасары сотталды
Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «Ертіс орманы» РММ басшылығының заңсыз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, «Ертіс Орманы» резерваты бас директорының орынбасары ағаш дайындаушылардың бірінен карт-шотқа аудару арқылы 1 млн теңге мөлшерінде заңсыз ақшалай сыйақы алғаны анықталды.
– Қолма-қол ақша ағаш кесу кезінде жалпы қамқорлық жасауға және орманды тазарту бойынша жұмыстың жаңа көлемін алуға арналған. Ол алынған ақшаны өзінің жеке мақсаттары үшін пайдаланған, – деді агенттікте.
Сот бас директордың орынбасарын екі жыл мерзімге орман шаруашылығы саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, бір жыл бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram