Павлодарда өрттен зардап шеккен 50 жастағы адам ауруханаға жеткізілді
Оқыс жағдай М.Жүсіп көшесі, 11 мекенжайында орын алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында таңғы сағат 08:21-де өрт орын алды.
– Көлемі екі шаршы метрді құраған өрт сағат 08:40-та сөндірілді. Өрт сөндірушілер екі адамды құтқарып, 14 адамды эвакуациялады. Оның ішінде бес бала құтқарылды. Сондай-ақ 1973 жылы туған пәтер иесі ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Айта кетейік, оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінен 31 адам мен тоғыз техника жұмылдырылды.