Павлодар облысында инклюзивті балабақша салынады

Құрылысы келесі жылға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Биыл Павлодар облысының 360 мектебінде 116 мыңнан астам оқушы білім алуда. Алғаш рет мектепке 10451 бала барды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Айгерім Әбенова мәлімдеді.
Сондай-ақ, қазіргі таңда өңірде ерекше білім беруді қажет ететін 8670 бала тұрады. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды даярлау үшін 34 арнайы ұйым жұмыс істейді. Олардың қатарында жеті арнайы мектеп, мектеп-интернат, тоғыз арнайы балабақша, төрт психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, 13 түзету кабинеті және бір аутизм орталығы бар.
Павлодар қаласында жеті ұйым жұмыс істеп жатыр, оларда 875 бала қамтылған. Алайда, Павлодар облысы да, Қазақстанның барлық өңірлері сияқты, кадр тапшылығы мәселесіне тап болды.
– Инклюзивті білім беру мәселесі қазір өте өзекті. Бұл санаттағы балалар контингенті өсуде, – деп түсіндірді Айгерім Әбенова.
Оның айтуынша, қазір инклюзивті балабақша салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылысы келесі жылға жоспарланған.
Келесі жылға арналған жоспарларды талқылау барысында білім беру басқармасы тағы бір инклюзивті ұйымға назар аударды. Мамандар сырқаттанушылық контингентіне қарай жаңа ұйымның қандай бағытта жұмыс істейтінін анықтайтын болады.