Павлодарда ерекше балалар бақ сынады
«Жүрек жылы» байқауына жиырмадан астам жас қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шара Торайғыров университетінің қабырғасында ұйымдастырылды. Оған мамандандырылған орталықтар мен арнайы мектеп-интернаттардың атынан 7 жастан 15 жасқа дейінгі 22 жас талант қатысты.
- Бүгін біз ұсақ моториканы, логикалық ойлауды және зейінді шоғырландыруды дамытуға бағытталған спидкубинг бойынша шағын жарыстар өткіздік. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмектесу мен үшін үлкен қуаныш, - деді спидкубингтен Азия чемпионы, ToU жоғары колледжінің студенті Даниял Сүлеймен.
ЖОО ректоры Еркін Садықов университет пен мамандандырылған орталықтардың ынтымақтастығы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге және қоғамға сәтті бейімделуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
- Торайғыров университеті осындай маңызы зор іс-шараларды қолдайды. Біз әр баланың, оның ерекшеліктеріне қарамастан, дамуы керек ерекше әлеуеті бар деп санаймыз. Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті мен жобалық кеңсесін ашу университетте қолжетімді және инклюзивті орта құру жөніндегі жұмысымыздың бір бөлігі ғана. Біз бұл бағыттарды ToU-да әркім сапалы білім алуы үшін одан әрі дамытатын боламыз, - деді ол.
Айта кетелік, байқауды ToU жоғары колледжі ұйымдастырды. Онда балалар сәндік-қолданбалы өнерде, сурет салуда және спидкубингте бақ сынасты.