Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қызылорда-Павлодар автожолында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қараша күні сағат 21:30-да Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты Павлодар облысындағы «Қызылорда-Павлодар» автожолының 1135-1206 шақырымы аралығында (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Жол қозғалысын қалпына келтіру 21 қараша күні сағат 8:00-ге жоспарланған.